Nokia Asha 201 - Құрылғы күтімі

background image

Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар

кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.

Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің

тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны

шығарып алып, құрылғыны құрғатыңыз.

Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Қозғалмалы бөліктері мен

электрондық бөлшектері зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз. Жоғары температура құрылғының қызмет мерзімін қысқартып,

батареяларды зақымдауы және пластик бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.

Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температураға дейін жылығанда, оның ішінде

ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.

Құрылғы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға болмайды.

Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Ұқыпсыз пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен

механизмдер зақымдануы мүмкін.

Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі

келтіруі мүмкін.

Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.

Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.

Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты кемінде екі бөлек

жерде сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.