Nokia Asha 201 - Батарея қауіпсіздігі

background image

Батарея қауіпсіздігі
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе қосымша

аспапты ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап тартыңыз.

Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны

зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау батареяның қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер

пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.

Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура

батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы

уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Қысқа тұйықталу металл зат батареяның металл жолақтарына тигенде, мысалы, қалтаңызға қосалқы батарея салып

жүргеніңізде кездейсоқ орын алуы мүмкін. Қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.

Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың

ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде

қоқысқа тастамаңыз.

Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз, майыстырмаңыз, теспеңіз немесе

майдаламаңыз. Батареядан сұйықтық ақса, батареяның сұйықтығын теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай

жағдай орын алса, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық көмек алыңыз.

Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны суға

немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.

Батарея мен зарядтағышты тек олардың арнаулы мақсаттарына сай пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген батареяларды

немесе үйлесімсіз зарядтағыштарды пайдалану немесе оларды дұрыс пайдаланбау өрт, жарылыс қаупін немесе басқа

қауіп төндіруі және кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Егер батарея немесе зарядтағыш

бүлінген деп ойласаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Зақымдалған батареяны немесе зарядтағышты ешқашан пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық жай ішінде

пайдаланыңыз.