Bluetooth байланысы туралы
Мәзір
>
Параметрлер
>
Байланыс мүмкіндігі
>
Bluetooth
опциясын таңдаңыз.
Bluetooth байланысын басқа ұялы телефондар, компьютерлер, гарнитуралар
және көлік жинақтары сияқты сыйысымды құрылғыларға сымсыз қосылу үшін
пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, құрылғыдан мазмұнды жіберуге, үйлесімді компьютерден файлдарды
көшіруге және үйлесімді принтерді пайдаланып басып шығаруға болады.
Bluetooth байланыс орнату үшін радио толқындарын пайдаланады, сондықтан
құрылғылар бір бірінен 10 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек.
Қабырғалар немесе басқа электрондық құрылғылар сияқты бөгеттер кедергі
келтіруі мүмкін.