Кіру кодтары
Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғауға
жәрдемдеседі. Кодты жасай және өзгерте аласыз, сондай-ақ, телефонды кодты
сұрайтын етіп орнатуыңыз мүмкін. Кодты сыр және телефоныңыздан жеке,
қауіпсіз жерде сақтаңыз. Кодты ұмытып қалған болсаңыз және телефон
құлыптанып қалса, телефонға қызмет көрсету қажет болады. Қосымша ақы
10
Негізгі қолданыс
алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз телефоныңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе телефоныңыз
дилерімен байланысыңыз.
SIM картасымен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан
қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге
кіруге қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз,
сізден PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін
модульдік PIN коды қажет болады. Электрондық қолтаңба үшін қол қою PIN коды
қажет болуы мүмкін. Қоңырауды рұқсат етпеу қызметін пайдаланғанда рұқсат
етпеу коды қажет болады.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай
пайдаланатынын анықтау үшін
Мәзір
>
Параметрлер
>
Қауіпсіздік
пәрменін
таңдаңыз.