Nokia Asha 201 - Пернетақта көмегімен жазу

background image

Пернетақта көмегімен жазу
Телефонның пернетақтасы толық.

Жазу тілін белгілеу

Парам-р

>

Жазу тілі

тармағын және қажетті тілді таңдаңыз. Жазу тілін өзгерту

үшін де функция пернесін, кейін Сtrl пернесін басуыңызға болады.

Сан және әріп режимін ауыстырып қосу
Қажетті енгізу әдісіне арналған таңба көрсетілгенше, функциялық пернені

қайталап басыңыз.

Сан режимін құлыптау
Функциялық пернені екі рет басыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін функция

пернесін басыңыз.

Үлкен-кіші таңбаларды ауыстырып қосу
«Регистрді өзгерту» пернесін басыңыз.

Перненің жоғарғы оң жақ бұрышында басылған санды немесе таңбаны

кірістіру
Тиісті пернені басып тұрыңыз.

Мәтін жазу

15

background image

Таңбаны жою

Өшіру

таңдаңыз. Кері қайтып бір таңбаны жою пернесін

басуға да болады.

Арнайы таңбаны немесе белгіні енгізу
Sym пернесін басып, қажетті таңбаны таңдаңыз. Басқа таңбаларды көру үшін Sym

пернесін қайта басыңыз.

Жаңа жол енгізу
«Енгізу» пернесін басыңыз.

Бос орын енгізу
«Бос орын» пернесін басыңыз.

Мәтінді көшіру немесе қиып алу
Shift пернесін басып тұрып, көшіргіңіз немесе қиып алғыңыз келген сөзді, сөз

тіркесін немесе мәтін бөлігін ерекшелеуге жылжытыңыз. Сtrl пернесін басып

тұрып, C (көшіру) немесе X (қиып алу) пернесін басыңыз.

Мәтінді қою
Қажетті орынға өтіңіз, сосын Сtrl пернесін басып тұрып, V пернесін басыңыз.